27 сәуір 2020 | 14:42

Алматыда 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмысын бастады

Сурет: elements.envato.com

Алматыда коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін берілетін 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін берілетін 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

"27 сәуірден бастап халықтың осал топтарының өкілдері өз өтінімдерін мына телефон нөмірі арқылы қалдыра алады: +7 (727) 377-74-44", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, коммуналдық қызмет шығындарын өтемді алу үшін 22 сәуірден бастап мына нөмірі бойынша call-орталық іске қосылған болатын:
+7 (727) 341-05-27.

Кімдерге коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленеді?

Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.   

 
Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

1, 2, 3 топ мүгедектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная