10 ақпан 2021 | 10:16

Алматыда 15 сантиметрге дейін қар жауды

© Алматы әкімдігі

Алматыда 15 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

10 ақпанда сағат 06.30-дағы жағдай бойынша, қар қалыңдығы қалада 10-15 сантиметр, ал таулы аймақтарда 20 сантиметрге дейін жетті. Айта кетейік, қар 9 ақпанда сағат 20.00-де жауа бастады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, көшелерге, жолайлықтарының кіреберістеріне көктайғаққа қарсы материалдар себілгені хабарланды. Түнгі мезгілде патруль машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды.

Реклама
Реклама

Қалада қар тазалау жұмыстарына 557 техника бірлігі, оның ішінде 221 құмлақтырғыш, 676 жол жұмысшысы жұмылды. 3340 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

Қарды сыртқа шығару жұмыстары басталды, 830 текше метр қар шығарылды. Таңғы қарбалас шақтан соң қар сыртқа жаппай шығарылады.

Аудандық әкімдіктерде тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды. 10 ақпанның таңынан бастап қар тазалаумен 552 техника, 1890 жол жұмысшысы айналысып жатыр.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жаяу жүргіншілер көпірін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram