22 маусым 2023 | 14:15

Алматыда 17 мыңға жуық ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығы тексеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда шілдеден бастап ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын тексере бастайды. Барлығы 17 мыңға жуық нысан қамтылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда шілдеден бастап ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын тексере бастайды. Барлығы 17 мыңға жуық нысан қамтылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполис басшысы Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Досаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдары жүргізілген сейсмикалық аудиттің қорытындысы бойынша қаланы 27 тектоникалық жарық анықталған. Бүгінде оларда 1116 нысан орналасқан, оның ішінде 754 жер сілкінісіне төзімді ғимарат және 362 сейсмикалық тұрақсыз ғимарат.

"Мемлекет басшысы 2000 жылдан кейін салынған қала нысандарының жаңа сейсмикалық аудитін қолдады. Ол "ҚазҚСҒЗИ" АҚ және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмология институтымен бірлесіп жүргізілетін болады. Жұмыс шілдеде басталады. 2024 жылы аяқталады.

16 701 нысан сараптамадан өтеді, оның 1 641-і көпқабатты тұрғын үйлер, 15 060-ы азаматтық және қоғамдық ғимараттар", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 2023 жылы 20 миллиард теңгеге 16 әлеуметтік нысанды сейсмикалық күшейту және 34 нысанды сейсмикалық күшейтудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі, деп қосты Ерболат Досаев.

"Жаңа сейсмикалық аудит соңғы бес жылдағы белсенді дамуды ескере отырып, Алматы нысандарының төлқұжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная