ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2021 | 11:25
Алматыда 18 жастағы қызды автобус қағып кетті
Алматыда қызды автобус қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қызды автобус қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автобустың қызды қаққан сәті басқа бір жүргізушінің видео тіркеушісіне түсіп қалған.
Кадрлардан қыздың алдымен жол жиегінде тұрғанын, содан кейін қозғалып келе жатқан автобустың алдына жүгіріп шыққанын көруге болады. Оқиға жаяу жүргіншілер өткелі белгісінің маңында болған.
Полиция департаменті өкілдері оқыс оқиға 9 наурызда 8.30-да болғанын айтты. ЛиАЗ автобус жүргізушісі 18 жастағы қызды қағып кетті.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, ақпанның соңында Алматыда тағы бір автобус жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также