07 желтоқсан 2018 | 14:22

Алматыда 180 көшенің атауы өзгереді

© Yvision.kz

Бауыржан Байбек Алматы көшелерінің атауы өзгеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, қаладағы 180 көшеге жаңа атау беріледі екен. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бауыржан Байбек Алматы көшелерінің атауы өзгеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, қаладағы 180 көшеге жаңа атау беріледі екен. 

Қала басшысының айтуынша, Алматыдағы 3000 көшенің 250-і бірдей аталады екен. Екі жүз көшеде атауы мүлде жоқ. 

Реклама
Реклама

"Бізде 13 Абай көшесі, 12 Жамбыл көшесі бар. Алғабас ауданы бес рет қайталанады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сіздер жедел жәрдем не полиция шақыратын болсаңыздар - олар таба алмай әлек болады. Бұл ыңғайсыз. Бізге көптеген арыз түсіп жатыр. Өзгертілуі керек 180 көше қалды", - дейді Байбек. 

Сонымен қатар, Алматы көшелеріне белгілі тұлғалардың есімі берілетіні айтылды.

"Көшелерге ұлттық масштабтағы белгілі тұлғалардың, сондай-ақ Алматыда жұмыс істеген адамдардың атын береміз. Ономастикалық комиссия қалалықтардың, қоғамдық ұйымдардың, Жазушылар одағының және Журналистер одағының ұсыныстарын қабылдап жатыр. Комиссия жіктеп, министрлікке жібереді. Бұл күрделі шара. Мәселе шешілді, бұрындары пәтерді сату керек болса, құжаттарды өзгерту керек болатын. Бүгінде барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Біз ондай шиеленістерді шешетін боламыз", - деді Алматы әкімі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная