Алматыда 1800 пайыз кірісті уәде еткен алдау схемасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА Алматы бойынша департаменті Boxy Wealth қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы бойынша департаменті Boxy Wealth қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5 пайыздан 10 пайызға дейін, яғни айына 150 пайыздан астам және жылына 1800 пайыздан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.

Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10 пайыз көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.

Реклама
Реклама

"Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған. Қазіргі уақытта 230 миллион теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған", - делінген хабарламада.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама