06 ақпан 2019 09:12

Алматыда 20 сантиметр қар жауды: Әкімдік көліктерді жол шетіне қоймауды сұрады

Алматыда 6 ақпанға қараған түні қалың қар жауа бастады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі қалалық Жасыл экономика басқармасындағыларға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 6 ақпанға қараған түні қалың қар жауа бастады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі қалалық Жасыл экономика басқармасындағыларға сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, сағат 01:00 мен 08:00 аралығында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен, ал таулы аймақтарда 30 сантиметрден асқан. Қар тазалау жұмыстарына 574 арнайы техника жұмылып, көктайғаққа қарсы 3100 тонна материал қолданылған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, күндізгі уақытта 718 арнайы техника мен 2 200 жұмысшының жұмылатыны айтылады.

"Осыған байланысты Алматы қалалық әкімдігі көлік жүргізушілерінен қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде көліктерін қалдырмауды сұрайды. Әсіресе, түнгі уақытта. Тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көлік құралдарының эвакуатормен алып кететінін ескертеміз", - деп хабарлады басқармадағылар.

Қар тазалау жұмыстарын 7 ақпанда кешкі уақытқа дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram