11 ақпан 2014 15:22

Алматыда 26 ПИК-ке айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда көпқабатты үй аулаларының тазалығына салғырт қараған 26 кооперативке жалпы көлемі 400 мың теңге болатын айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты реттеуді пайдалану басқармасына сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Алматы экология инспекциясы пәтер иелері кооперативтерінің көпқабатты үй аулаларындағы тазалықты сақтауын тексерген. Тексеру нәтижесінде кейбір кооперативтердің тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген кестеге сай шығарып тұрмайтыны анықталды. Инспекция мамандары оларға қатысты жалпы сомасы 400 032 теңге болатын 26 хаттама толтырды. "Алмалы ауданы бойынша 6 хаттама (23 АЕК), Әуезов ауданы бойынша 6 хаттама (60 АЕК), Бостандық ауданы бойынша 3 хаттама (8 АЕК), Жетісу ауданы бойынша 1 хаттама (5 АЕК), Медеу ауданы бойынша - 50 (АЕК), Түрксіб ауданы бойынша 4 хаттама (70 АЕК) толтырылды", - делінген хабарламада. Сонымен бірге, экология инспекциясы мамандары қалада көріктендіру ережелерін бұзған 48 заңды тұлғаға жалпы сомасы 775 988 теңге болатын әкімшілік айыппұл салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети