28 қаңтар 2018 16:41

Алматыда 29 қаңтар күні 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © tverweek.com Иллюстрация © tverweek.com

Алматы мектептерінде 29 қаңтар күні 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Білім басқармасына сілтеме жасап.


Алматы мектептерінде 29 қаңтар күні 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Білім басқармасына сілтеме жасап.

"2018 жылы 29 қаңтарда ауа температурасының -25 градустан төмен болуына байланысты Алматы қаласындағы мектептерде 1-9 сыныптарға сабақ болмайды", - делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер дауылды ескерту жариялап, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяз болатынын айтты.

"24-29 қаңтарда Алматы, Жамбыл, 26-29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы төмендеп, түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін, 20-25, кей жерлерде 30-35 градусқа дейін аяз болады. Ықтималдылық 95 пайыз", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети