ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2021 | 16:41
Алматыда 3 наурызда күн бұзылады
Алматыда 3 наурызда қар жауып, көктайғақ болады. Қалада қолайсыз ауа райы 5 наурызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 3 наурызда қар жауып, көктайғақ болады. Қалада қолайсыз ауа райы 5 наурызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 3 наурызда түнде Алматыда жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2...+ 3, кей жерлерде -7. Күндіз +1...+ 6, кей жерлерде -3.
4 наурызда күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1...+ 1, күндіз +10...+12.
5 наурызда қар жауып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...-2, күндіз +2...+4.
Бұрған дейін "Қазгидромет" синоптиктері қазақстанға қашан жылу келетінін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, наурыздың басында жауын-шашын, жел, тұман және көктайғақ болады деп болжанды. Бірақ жалпы көктемде еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан бір градусқа жоғары болуы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также