ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2021 | 15:05
Алматыда 300 адам Pfizer вакцинасын салдырды
Алматыда 300-ден аса жасөспірім, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар Pfizer вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 300-ден аса жасөспірім, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар Pfizer вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші кезекте екпені орта мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналар алды.
Алматы тұрғыны Вероника Букша қаладағы №4 қалалық емханаға қаралған, осыдан 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген. Вероника бүгін вакцинаны бірінші болып алды.
"Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді, емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинациясын алдым, мен өте қуаныштымын. Себебі осы күнді күткен едім", - дейді Вероника.
"Мен бұл вакцинаны көптен бері күтіп жүрмін, ол жүкті әйелдерге жасалады. Вакцина келгені белгілі болғаннан кейін олар мені шақырды, бірінші компонентті алдым. Өткен жылы COVID-19 жұқтырдым, оның қаншалықты қиын екенін білемін. Менің айналамның бәрі вакцина алғандар", - дейді Қарлығаш Алтаева.
"Соңғы екі аптада емханада Pfizer вакцинасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №4 емхана 12 мен 17 жас аралығындағы 4540 бала оқитын 10 мектепке қызмет көрсетеді. Ертең біздің дәрігерлер, яғни эпидемиологтар, салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарына онлайн семинарлар өткізеді. Бүгінде бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, колледж студенттері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар студенттер екпе алды. Бүгінгі таңда вакцинаға 40 бала емізетін анадан, 29 жүкті әйелдерден, 38 мектеп оқушыларының ата-аналарынан келісім алынды", - дейді №4 Қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Мадьярова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также