06 мамыр 2019 | 16:10

Алматыда 38 отбасы "Саялы-1" ықшамауданынан пәтер алды

Сурет Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан

Алматыда 38 отбасы "Саялы-1" ықшамауданынан пәтер алды. "Олар "толық емес отбасы" санаты бойынша мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған. Отбасы құрамына байланысты оларға бір және екі бөлмелі пәтерлер бөлінген. Бүгін пәтер иелеріне "Бақытты отбасы" орталығында ресми түрде кілттері табысталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің әлеуметтік әл-ауқат басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 38 отбасы "Саялы-1" ықшамауданынан пәтер алды. "Олар "толық емес отбасы" санаты бойынша мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған. Отбасы құрамына байланысты оларға бір және екі бөлмелі пәтерлер бөлінген. Бүгін пәтер иелеріне "Бақытты отбасы" орталығында ресми түрде кілттері табысталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің әлеуметтік әл-ауқат басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған баспаналар мемлекеттік "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында берілді.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік жеңілдікпен берілген пәтерді иелегендердің бірі Аида Сүйімбаева кезекті 2 жыл күткендігін айтты.
"Мен ұлымды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, 2017 жылы "толық емес отбасы" санаты бойынша баспанаға кезекке тұрдым. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" шот ашып, ақша жинай бастадым. Қазіргі кезде пәтер сомасының 20 пайызын жинап қойдым. Бағдарлама талаптарына толық сәйкес келгендіктен, менің келісіміме қол қойылды. Енді ай сайын 71 мың теңгеден төлейтін боламын," - деп атап өтті Сүйінбаева.

Жалпы, қаламызда азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте тиімді шаралардың бірі - мемлекеттік "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы. Оның негізгі ерекшелігі пәтерлердің құны мен несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендігінде. Осылайша, соңғы 3 жылда толық емес отбасыларға 2 мыңға жуық пәтер берілген.

Сонымен қатар, қалада көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 4 мамырда 44 отбасының банк шоттарына пәтер алуға бастапқы жарнаны өтеуге берілген 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат аударылды. Тұрғын үй сертификаттарын ресми түрде табыстау рәсімі кейінге жоспарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная