ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 шілде 2026 15:23
Алматыда 40 градусқа дейін ыстық болады, ал Астанада дауыл тұрып, жаңбыр жауады
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 15, 16 және 17 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
15 шілдеде күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.
16 шілдеде күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.
17 шілдеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
15 шілдеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
16 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +36...+38 градус аптап болады.
17 шілдеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +38...+40 градус өте ыстық болады.
Қазақстанда күн салқындайды, бірақ барлық өңірде емес
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. 15-16 шілдеде солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, температура +25...+30 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте +40...+45 градусқа дейінгі төтенше ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу