08 маусым 2023 16:57

Алматыда 400-ге жуық заңсыз сауда нысаны сүріледі

видео кадры

Алматыда жыл аяғына дейін 400-ге жуық заңсыз сауда нысаны жойылады деп уәде етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жыл аяғына дейін 400-ге жуық заңсыз сауда нысаны жойылады деп уәде етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланың сыртқы келбетіне және абаттандыруға нұқсан келтіретін, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен күресу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қажетті шаралар қабылдап жатыр.

Реклама
Реклама

Мониторинг қорытындысына қарай, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500-ден астам заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері анықталған. Бүгінде 101 нысан сүрілді, қалғандары осы жылдың аяғына дейін алып тасталады.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері" қабылданды, онда мұндай объектілерді орнату тәртібі нақты айқындалған.

Нысандардың стихиялы орналасуларын болдырмау үшін қазіргі уақытта "Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасын" әзірлеу аяқталуға жақын. Ол бекітілгеннен кейін оларды орнатуға болатын нақты мекенжайлар анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram