Алматыда 50 жыл бұрынғы аптап рекорды жаңарды

Алматыда 50 жыл бұрынғы аптап рекорды жаңарды Фото:depositphotos.com

Алматыда 16 шілдеде осы күнге арналған жаңа температуралық рекорд тіркелді. Ауаның максималды температурасы +38 градусқа жетіп, жарты ғасыр бойы сақталып келген алдыңғы көрсеткіштен асып түсті. Тиісті деректерді "Қазгидрометтің" бақылау желісі тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кисебаевтың мәлімдеуінше, 16 шілдедегі бұған дейінгі рекорд 1976 жылы тіркелген. Ол кезде Алматыда ауа температурасы +36,1 градусқа дейін көтерілген болатын. Осылайша, жаңа максимум 1,9 градусқа жоғары болды.

Дегенмен, Алматыдағы шілде айының абсолюттік температуралық рекорды әзірге жаңарған жоқ. Ол +43,4 градусты құрайды және 1983 жылы тіркелген.

Жарнама
Жарнама

Алматыда аптап сақталады

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, алдағы күндері Алматыда аптап сақталады. Күндіз ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын күтілмейді.

Қазақстанда күн неге соншалықты ыстық

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары қазіргі аптап ыстықтың екі фактордың — Орта Азия мен Ираннан ыстық ауа массаларын әкелген тұрақты антициклонның және климаттың ұзақ мерзімді өзгеруінің салдары екенін түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Астана кейінгі 34 жылдағы ең ыстық күнді бастан өткерді

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама