Алматыда 500 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев оны Instagram-дағы парақшасында көрсетті.
Коронавируспен күресуге арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының негізінде салынған.
Сондай-ақ, аурухананың жалпы ауданы төрт гектар, ал ғимараттың өзі 28,6 мың шаршы метрді екені белгілі.
Ауруханада сегіз медициналық бокс және екі қарқынды терапия палатасы бар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!