27 қараша 2020 | 16:01

Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды: Бекшин мән-жайды түсіндірді

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ведомствосынан қалайша 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ведомствосынан қалайша 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"51 миллион теңгеден аса сома бүгінгі таңда бюджетке қайтарылмайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар екенін айтқым келеді. Мұның бәрі салықтық төлемдер, шегерімдер, есептеулер. Осылардың барлығы ТКҚСҚБК хаты негізінде жүргізілді. Әрине, олар берілген жоқ, керісінше ұсталды. Осы сомадан төлемдер ұсталмайтыны туралы түсінік болған соң, мұның бәрі біздің қызметкерлердің шоттарына емес, бюджетке кетті.

Ақпарат дұрыс берілмеген. Төрт миллион сырқат бойынша демалысқа шыққандарға төленді. Сома қайтаруға жатады. 

Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру кезінде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй ауруханасында жатқан адамдарға төленген төрт миллион. Неліктен мұндай жалған ақпарат берілгені түсініксіз, - деді Жандарбек Бекшин.

Реклама
Реклама

Ол өзінің ведомствосына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен зейнетақы және өзге де төлемдерді ұстап қалу қажеттігі туралы хат келіп түскенін атап өтті.

"Біз оларды ұстап қалдық. Тексеру барысында ескерту жасалды, кейін біз оларға тағы да жүгіндік. Дәл осындай заңбұзушылықтар республика бойынша барлық мемлекеттік органда болды. Біз салық шегерімдерінің үстеме есептеулерін тоқтаттық. Осылайша жоғары тұрған органның нұсқау хатын орындадық", - деді Бекшин.

Бұған дейін Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлеу ережелерін бұзғаны хабарланған болатын. Заңбұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге екені айтылған. Бұл туралы Tengrinews.kz сұрауына жауап ретінде Қаржы министрлігінің Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері мәлімдеген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная