05 мамыр 2023 10:48

Алматыда 7 және 9 мамыр қалай тойланады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда 7 және 9-мамырда бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған. Мерекелік іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 7 және 9-мамырда бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған. Мерекелік іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 7-мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Реклама
Реклама

Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, "IL Canto" квартеті, Жәмила Серкебаева және т.б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді.

Алатау ауданында ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамырда сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;

Алмалы ауданында "Елім менің" патриоттық әндер орындаушыларының байқауы 7 мамырда сағат 17:00-де Арбатта өтеді.

Бостандық ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 5 мамырда сағат 11:00-де Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік командованиясында өтеді, Попов көшесі, 1а

Жетісу ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ардагерлер ұйымдарының активі мен Қарулы Күштер өкілдерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 7 мамырда сағат 14:00-де Кемел шағынауданындағы Есім хан көшесі, 127 А-да өтеді;

Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 10:00-де өтеді;

Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамырда сағат 10:00-де Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайдағы әскери бөлімде өтеді.

Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамырда, ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) сағат 11:00-де өтеді.

9 мамырда Алматыдағы негізгі мерекелік шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді. Таңертең қала ардагерлері мен белсенділерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі, әскери қызметкерлердің салтанатты маршпен өтуі, Алматы қаласы әкімінің қатысуымен эстрадалық және симфониялық оркестрдің мерекелік концерті өтеді.

Мереке күні Алматы арнайы жобаланған билбордтармен, медиабордтармен, LED экрандармен безендіріледі. Сондай-ақ, 50 000 "Жеңіс" лентасы жасалып, еріктілер халыққа таратады.

Саябақ тақырыптық дизайнмен қамтамасыз етіледі (брендмауэр, Әскер үйінің қасбеті), МАФ, концертке арналған сахна, ардагерлерге арналған шатырлар, дала асханасы, ҰОС батырларының тірі "мүсіндері-спектакльдерінің" көрсетілімі орналастырылады.

Сонымен қатар, заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі көрсетіледі.

Қаланың әр жерінде аудан әкімдерімен бірге қала аумағында орналасқан мемориалдық тақталарға, ескерткіштерге, соғыс қаһармандарының ескерткіштеріне (Б.Момышұлы ескерткіші, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов ескерткіштері) гүл шоқтары қойылады.

Сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознесенский соборының алдындағы алаңда (28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы) концерттік бағдарлама өтеді.

11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы) және Ш.Уәлиханов атындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram