Алматыда 7 мамырда қандай іс-шаралар өтеді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда 7 мамырда қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматының барлық мектебінде "Ерлік сабақтары", сынып сағаттары, мәнерлеп оқу және эссе байқаулары өтеді.

Сондай-ақ, Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталады.

Жарнама
Жарнама

Алматыда үш күн бойы, 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі болады.

7 мамырда сағат 16.00-де Республика сарайында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама