16 шілде 2020 | 10:20

Алматыда 800 үй газсыз қалды

Фото: pixabay.com

Алматыда газ құбырында апат болды. Салдары ауыр болмауы үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ алматылық өндіріс филиалының мамандары қаладағы 800 үй мен 14 кәсіпорынды көк отынсыз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда газ құбырында апат болды. Салдары ауыр болмауы үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ алматылық өндіріс филиалының мамандары қаладағы 800 үй мен 14 кәсіпорынды көк отынсыз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Апат шамамен Әл-Фараби және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. Сондықтан Әл-Фараби-Назарбаев-Сейфуллин-Темірязев-Попов-Шашкин көшелерінің ауданында орналасқан үйлер мен нысандарда газ тоқтатылды. Бұл ауданда 258 жеке үй, 549 көппәтерлі ғимарат, 14 коммуналдық-шаруашылық және өнеркәсіп мекемелері, оның ішінде қазандық бары хабарланды.

Реклама
Реклама

"Тұрғындардан газ крандарын жауып тастауды және апатты жойып, газ берілмегенше ашпауды сұраймыз. Қала тұрғындарынан қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі жұмыстар Алматы газ желілерінің қауіпсіз пайдалануы үшін жасалып жатыр", - деп мәлімдеді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная