ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2020 | 11:59
Алматыда 90 миллион теңгеге медициналық маскаларды заңсыз сатпақ болған
Алматыда тағы медициналық маскаларды қымбаттатып сатқан алыпсатарлар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда тағы медициналық маскаларды қымбаттатып сатқан алыпсатарлар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпарат бойынша, 22 наурызда қаланың экономикалық тергеу департаменті жеке тұлғалардың қала аумағында жалпы сомасы 90 миллион теңге болатын 664 400 дана медициналық масканың бағасын жоғарылатып сатқанын анықтады.
Сонымен қатар, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және маскаларды құжатсыз сатқан.
"ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының 8-тармағына сәйкес, тәркіленген медициналық маскалар Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына берілді", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілі аумақтық департаменттер елдің 12 өңірінде осындай 17 оқиғаны тіркегенін атап өтті. Барлығы үш миллионға жуық (2 932 019 дана) медициналық маска тәркіленді, олар денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда 146 антисептикалық бөтелке және 8000 литрден астам спирт құйылған сұйықтық тәркіленгені хабарланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также