ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2022 | 14:05
Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың қабат саны шектеледі
Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын жаңа ғимараттардың қабат саны шектеледі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын жаңа ғимараттардың қабат саны шектеледі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мегаполис басшысының айтуынша, былтыр құрылыс ережелері қабылданып, тарихи орталықты сақтау мәселесі талқыланған. Сондай-ақ, шенеуніктер осы аумақта салынуы мүмкін құрылыстың тығыздығы мен қабат санын белгілеген.
"Құрылыс нысанын салушылардың мектеп, балабақша, басқа да инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін дайындадық. Дегенмен қоғамда жаңа және ескі тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты әлі де талқыланатын мәселелер бар. Сондықтан қаулы шығарамын:
- меншік иелерінің 100 пайызы жеке инвестор тарту қажет үйлерді қоспағанда, ескі тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасын одан әрі іске асыру тек бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
- Абайдан жоғары Әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейінгі, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аумақтағы тұрғын үй ғимараттарының биіктігі шектелсін;
- табиғи беткейлеріне зиян келтіретін ТК салуға тыйым салу;
- орынбасарым Мұхит Әзірбаевқа бекіту үшін қажет шешімдер дайындауды тапсырамын", - деді Сағынтаев.
Кейінірек қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы өкілі қазір Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың биіктігін шектеу жобасы әзірленіп жатқанын айтты.
"Жоба бойынша жұмыс барысы туралы ақпарат БАҚ-қа ұсынылады. Еске салайық, "ВОАД, Әл-Фараби, Саин және Жандосовтың оңтүстігіне қарай орналасқан ғимараттар (Саиннен қала шекарасына дейін)" жобасына сәйкес осы алаңдағы ғимараттар биіктігі үш қабаттан +төменгі қабатты қоса алғанда, ең жоғары биіктігі 12 метрден аспауы тиіс. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, туризм және мәдениет саласындағы халықаралық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын есепке алмағанда, құрылыстың барлық түрлеріне қатысты", - деді ведомство өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также