09 шілде 2022 | 15:33

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

11 шілде сағат 8.00-ден 12 шілде сағат 6.00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағымен Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұл уақытта жолдың беткі қабатына асфальт төселетінін хабарлады.

Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы қозғалыс Абай даңғылының солтүстік жағындағы бір жолақ бойынша жүзеге асырылады.

Реклама
Реклама

"Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram