Алматыда ағашқа керосин құйған кәсіпкер жазаланды

Фото: facebook.com/Есен Искаков

Алматыда кәсіпкер өсіп тұрған ағаштың қабығын зақымдап, тамырына керосин құйған. Табиғатты қорғау полициясы ағаштың зақымдану дерегін растады. Кәсіпкерге айыппұл салынып, көшет отырғызу міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда кәсіпкер өсіп тұрған ағаштың қабығын зақымдап, тамырына керосин құйған. Табиғатты қорғау полициясы ағаштың зақымдану дерегін растады. Кәсіпкерге айыппұл салынып, көшет отырғызу міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алмалы ауданы Наурызбай батыр көшесінде өсіп тұрған ағашты жоюға тырысқаны туралы ақпарат пайда болды.

"Фирма Алекс" ЖШС жұмыскерлері жасыл желектерді қорғау нормаларын бұзып, ағаш қабығын зақымдағаны, тамырына керосин құйғаны анықталды.

ЖШС директорына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, Алмалы аудандық ПБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және жасыл желектерге ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

ЖШС кәсіпкерінен 30 сәуірге дейін 20 дана ағаш отырғызу туралы кепілдік міндеттеме алынды", - деді Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін экологтар Алматыда қылқан жапырақты ағаштар қурап жатқанын айтқан еді. Алайда әкімдік өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Олар ағаштардың қурауына ауа температурасының күрт төмендеуі себеп дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама