25 наурыз 2022 | 09:24

Алматыда ағаштар мен бұтақтар құлады: 44 көлік зақымдалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда қалың қар кесірінен құлаған ағаштар мен бұтақтар 44 көлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTv арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың қар кесірінен құлаған ағаштар мен бұтақтар 44 көлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTv арнасына сілтеме жасап.

Алматыда қалың қар кесірінен көптеген бұтақтар мен ағаштар құлады. Олар бір тәулік ішінде 44 көлікті зақымдаған. Қалалық қызмет аулалар мен қоғамдық орындардағы құлаған ағаштарды тазартып жатыр.

Сондай-ақ, жолдарды көктайғақтан алдын алу жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға мыңнан астам жұмысшы мен алты жүз бірлік техника жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта құм себу жұмыстары жалғасып жатыр. Біз көктайғақты алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырамыз, себебі бізде ауа райы тұрақсыз, бірде плюс, бірде минус болып жерге көктайғақ тез қатып қалады. Сондықтан мамандар ауа райын сараптайды, қарайды. Бірінші кезекте көлік айрықтары, еңістер, көтермелерге себіледі. Абаттандыру қызметі штаттық режимде жұмыс істейді", - деді Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің бас маманы Александр Сергеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram