ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2022 | 16:39
Алматыда әкімдік ғимаратын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Досаев жауабы
Алматы әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары алдағы көктемде аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары алдағы көктемде аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифинг барысында әкімге Алматыдағы өртенген Президент резиденциясы және әкімдік ғимараты туралы сұрақ қойылды.
Әкім бүгінде резиденцияны бұзу процесі жалғасып жатқанын айтты. Бұрын егжей-тегжейлі жоспарлауға сәйкес учаске әкімшілік ғимарат болып белгіленсе, енді оны саябақ аймағына ауыстыру қажет. Досаев ғимарат орнында біріктірілген саябақ аймағы пайда болатынын айтты. Ол Сәтбаев көшесіне дейін созылады.
"Әкімдік ғимаратына қатысты мәселе бойынша: кеше жобалық-сметалық құжаттамаға қорытынды беруіміз керек еді, кешігіп қалдық, оны 8 шілдеде алуымыз керек. Ғимаратты жөндейтін бес компаниядан консорциум құрдық. Оны бұзудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өкінішке қарай, жұмысты жыл аяғына дейін аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз, бірақ күрделі жобалық шешімдерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл ғимараттардың өзіне емес, металы жанған күмбезді залға байланысты. ҚазҚСҒЗИ шатырды жеңілдетіп, жеңіл әрі қауіпсіз етудің шешімін тапты", - деді әкім.
Досаев әкімдіктің жөндеу жұмыстары келесі жылы, яғни 2023 жылы Наурыз мейрамына дейін аяқталуы тиіс деп қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также