ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2023 | 12:42
Алматыда ақылы автотұрақ қайта жұмыс істей бастайды
Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматыда Медеу ауданындағы автотұрақтар ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны - 100 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматыда Медеу ауданындағы автотұрақтар ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны - 100 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Тротуар түріндегі автотұрақтар 2023 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы автотұрақтың жаңа бірыңғай операторы "Алматы паркинг" бағдарламасы қосылмаған еді.
Медеу ауданында жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4828 тротуар тұрағы, 360 мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі - күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін.
Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі - сағатына 150 теңге.
Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:
"Алматы автотұрақтары" мобильді қосымшасы арқылы минутына төлеу арқылы. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store дүкендерінен жүктеуге болады; almaty-parking.kz сайты арқылы; Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық тақтадағы QR-код бойынша.Еске салайық, бұрынғы A-Parking операторы 2023 жылғы 15 шілделен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттік Алматы әкімдігіне, Алматы қалалық мобилділік басқармасының "Алматы паркинг" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілді.
Жаңа ақпараттық тақталарда оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі. Бірінші Медеу ауданында басталды, жыл аяғына дейін қаланың қалған аудандары қосу жоспарланып отыр:
Алмалы - 9 қазан, Бостандық - 23 қазан, Түрксіб және Жетісу - 6 қараша, Әуезов, Алатау, Наурызбай аудандары - 2023 жылғы 25 желтоқсанға дейін.Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также