25 тамыз 2023 | 12:54

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальт опырылды

Видео кадрлары

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальт бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Заманауи музей құрылысына инженерлік желілердің заңсыз тартылуы кезінде болғаны анықталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальт бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Заманауи музей құрылысына инженерлік желілердің заңсыз тартылуы кезінде болғаны анықталды.

"24 тамызда кешке Алматыда Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылына шығатын оң жақ жолақ, оңтүстік-батыс бұрышы) учаскесінде жол төсемі зақымданған. Асфальт инженерлік желілерді салумен айналысатын "Парсек ltd" ЖШС мердігерлік ұйымы Заманауи музей құрылысында кәріз жүйесін заңсыз кіргізуі салдарынан бүлінді", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қала қызметкерлері зақымдалған учаскеге жедел жөндеу жүргізген. Жол қызметкерлері бос орынды толық ашып, толтырып, кейін асфальтбетон жабынын қалпына келтірген.

Реклама
Реклама

"Диаметрі 50 сантиметр құбырды төсеу үшін мұражай құдығынан жүріс бөліктегі құдыққа дейін жолды қазған. Қайта толтыру кезінде топырақ дұрыс тығыздалмай, жол төсемінің шеткі жолағының тұтастығына зақым келген. Тиісті әкімшілік шаралар қабылдап, мердігер жазаланады", - деп толықтырды әкімдік.

Жол төсемін қалпына келтіру мердігер есебінен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 26 тамызда сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Сондықтан, даңғылдың оңтүстік-батыс бұрышы уақытша жабылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная