Алматыда ALA коды формасындағы бақ пайда болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда ALA коды формасындағы бақ пайда болады

Алматыда қаланың халықаралық авиациялық коды - ALA әріптері формасында отырғызылған бақ пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қаланың халықаралық авиациялық коды - ALA әріптері формасында отырғызылған бақ пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең, 18 қарашада қоғам қайраткерлері Алматы әкімдігімен бірлесіп ALA бағын отырғызуды аяқтайды. 3 гектардан аса алқапқа 2,5 мың екі метрлік қылқан жапырақты ағаштар – арша отырғызылған.

Жарнама
Жарнама

Әріптер формасындағы бақ әуекемесі қонуға дайындалғанда жолаушыларға көрінетіндей етіп отырғызылған. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бақ ғарыштан да көрінеді.

"Біз дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей орын Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен сөз ретінде кіре алады", - дейді жоба авторы Дәуіт Шайхисламов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама