ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2021 | 17:48
Алматыда алапат жер сілкінісі болса, қаупі қандай болуы мүмкін екені айтылды
Алматы қаласы әкімдігі мәліметінше, қалада алапат жер сілкінісі болған жағдайда 385 мыңға жуық адам қаза болуы мүмкін, барлық ғимараттың 30 пайызы қирайды. Бұл туралы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы әкімдігі мәліметінше, қалада алапат жер сілкінісі болған жағдайда 385 мыңға жуық адам қаза болуы мүмкін, барлық ғимараттың 30 пайызы қирайды. Бұл туралы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Алматыдағы жер сілкінісі қаупі туралы мәселені көтерді.
"Мамандардың бағалауынша, Алматыда сейсмологтар үнемі ескертетін жойқын жер сілкінісі болған жағдайда орны толмас шығын шамамен 400 мың адамға жетеді, ғимараттардың 60 пайызына дейін қирайды, ал тікелей шығын шамамен 200 миллиард теңге болады", - деді мәжілісмен.
Серік Құсайынов депутат пікірімен келісіп, болжамды нақтылады.
"Жиі жер сілкінісі жағдайында ғимараттардың тұрақтылығын талдаудың есептік деректерін зерделей келе, Алматыда 7-8 балдық күшті дүмпу болса, барлық ғимараттың шамамен, 30 пайызы қирауы мүмкін. Халықтың жалпы шығыны 370 мыңнан 385 мың адамға дейін болады, ақшалай шығын 2 триллион 479 миллиард теңгеге жетуі мүмкін", - деді Құсайынов.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин болжам жасаудың әртүрлі әдісі бар екенін атап өтті.
"Егер КСРО әдістемесін алатын болсақ, онда бұл көрсеткіштер шамамен бірдей болуы мүмкін. Оқыған мамандардың, соның ішінде Алматының, Жайықтың өкілдерінің әдістемесін алсақ, олар көрсеткішті бірнеше есе төмендетеді. Демек, бұл даулы мәселе", - деді ол.
Дүйсенбай Тұрғанов "Қазақстанның сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені" Жол картасына сәйкес 36 тармақтың 18-і ғана орындалғанын айтты.
"Қаржы тапшылығына байланысты сейсмикалық төзімділік бағдарламасы толық орындалмады, қаржы ресурстарының жеткіліксіздігінен көп бағдарлама қысқартылды. Пандемия бізден көп қаражатты, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне де бөлінді.
Әкімдіктің өзі қаржы бөлді. Алматыдағы барлық нысанды паспорттау жүргізілді. Мәліметтер базасы Сәулет және құрылыс бақылау басқармасында орналасқан және жобаны одан ары жүзеге асыруда пайдаланылады", - деді Юрий Ильин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также