19 наурыз 2019 08:11

Алматыда әлеуметтік көмектің мөлшері көбейеді

Камила Долаева Журналист

Алматыда бірнеше әлеуметтік көмектің мөлшері көбейеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше әлеуметтік көмектің мөлшері көбейеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

18 наурызда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған жәрдемақыларды бірнеше есеге көбейту туралы ұсыныстар айтылды. Яғни, жан басына шаққанда табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін көмек 50 мың 500 теңгеге дейін арттыру көзделсе, "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында отбасы шығынының шекті деңгейін 10 пайыздан бес пайызға дейін төмендету қарастырылған. Ал мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыға тоқсан сайын берілетін жәрдемақыны 30 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Реклама
Реклама

"Өткен жылы жәрдемақы 800 балаға төленді. Биыл да осы 800 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл жәрдемақыны алу үшін қосымша 11,4 млн теңге бөлініп отыр. Айтылған үш әлеуметтік көмектің үшеуі де бұрыннан бар, бұл жаңалық емес. Тек оларды алатын адамдардың саны мен көмектің көлемі ғана артып отыр", - дейді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram