Алматыда алғаш рет ауадағы озон мөлшері өлшенеді

© Тұрар Қазанғапов

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда алғаш рет ауадағы озон деңгейі өлшенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда алғаш рет ауадағы озон деңгейі өлшенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда озонның мөлшері 4 автоматты бақылау бекетінде өлшенеді. Олар төмендегі мекенжай бойынша орналасқан:

- Ахметов көшесі 50, аэрологиялық станция,
- Рихард Зорге көшесі 14, Түрксіб ауданының АІІБ,
- Жанқожа батыр көшесі 202, "Шаңырақ" шағын ауданы, №26 мектеп,
- Әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысы, Орбита шағын ауданы.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауадағы озонның мөлшері Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Петропавл, Түркістан, Павлодар, Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен қалалары, Бейнеу кенті және "Бурабай" мониторинг станциясында өлшенеді.

"Алдағы уақытта озон деңгейін AirKz мобильді қосымшасы мен интерактив картадан көруге болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, озон (O3) - өткір иісі бар, көк түсті улы газ. Оның иісі хлорға ұқсас.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама