ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2022 | 17:50
Алматыда алғашқы қар жауды
Алматыда биылғы маусымдағы алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда биылғы маусымдағы алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қар қалың жауғанымен, тез еріп жатыр.
Алматыдағы "Қазгидромет" филиалы бұған дейін 8 қарашада ескерту жарияланғанын хабарлады. Қалада ауа райы күрт төмендеп, 5-7 градус болады және тауларда қатты жауын шашын, қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, батыс-оңтүстік жақтан соққан жел екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
"Жылдың осы уақытында мұндай ауа райы қалыпты. Таулы аймақтағы алғашқы қар қыркүйектің аяғында, қазанның басында жауды. Таулы аймақтарда қар 18-19 қазанда, қазанның аяғында байқалды. Алматыда бірінші рет қар жауды. Қардың түсуіне антициклон мен оның фронтал бөліктерінің батыстан ығысуы себеп болды", - деді "Қазгидромет" Алматы бойынша филиалы басшысы.
Сондай-ақ, "Қазгидромет" 9 қарашада бұлтты ауа райы, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман, көктайғақ күтілетінін атап өтті. Жел екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градыс жылы болады. 10 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также