Алматыда алғашқы қар қашан жауады?

©Tengrinews.kz

Алматыда қазанның 20-сынан кейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжам бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова хабарлады.

Алматыда қазанның 20-сынан кейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжам бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова хабарлады.

Оның мәліметінше, қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды: түнде 5-10 градус жылыдан 2 градус суық - 3 градус жылыға дейін, күндіз 18-23 градус жылыдан 10-15 градус жылыға дейін түседі.

Реклама
Реклама

"Екінші онкүндіктің соңында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Жаңбыр мен оның қарға ұласуы үшінші онкүндіктің ортасында да болуы ықтимал", - деді синоптик. 

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы көтеріледі - түнде минус 2-3 градус жылыдан 3-8 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыдан 15-20 градус жылыға дейін. Алматыда бұл айда ауа температурасының орташа көрсеткіші +11 градус болады, ол нормадан 1 градусқа жоғары. Жауын-шашын көлемі нормаға сай, норма - 60 миллиметр. 

"7 қазанда 3 000 метр биікте, тауда қар жауды, ол Мыңжылқы ауданында. Шымбұлақта түнде қар аралас жаңбыр болды. Тауға қар жауады. Қалада - екінші онкүндіктің соңында", - деді Аманқұлова. 

Бұған дейін мамандар Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жаңбыр мен қардың жауатынын ескертті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная