ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2019 | 12:00
Алматыда аллеяға қоқыс төккендерге 50 мың теңгеден айыппұл салынды
Медеу ауданындағы аялдама маңындағы аллеяға қоқыс төкке алматылықтарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Медеу ауданындағы аялдама маңындағы аллеяға қоқыс төкке алматылықтарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.
Екі ер адам жауапкершілікке тартылды.
"Медеу аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің табиғатты қорғау полиция бөлімі қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімімен бірлесіп, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастағандарды әшкерелеу барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (" Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша екі азаматқа айыппұл салынды", - делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ереже бұзған әр азаматқа 20 АЕК (50 мың теңге) айыппұл салынды.
Показать комментарии
Читайте также