18 шілде 2021 | 12:40

Алматыда "Алтын Ордадағы" бұрылу эстакадасы ашылды

Фото: kolesa

"Алтын Орда" базарының маңында "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы бойынша автокөлік үшін қозғалыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын Орда" базарының маңында "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы бойынша автокөлік үшін қозғалыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасы "Алтын Орда" базары мен "Молл Апорт" сауда орталығы ауданындағы көлік жағдайын жақсарту мақсатында салынды.

"Көпірді пайдалануға беру кезінде технологиялық регламентті сақтау және жобалық шешімдерге сәйкестігін бағалау мақсатында "таға" типі бойынша бұрылу эстакадасы автокөлігінің нақты жүктемесі әдісімен сынақтар өткізілді, онда эстакада конструкциясына жүктемелердің әсері өлшенді", - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-арнасында.

Реклама
Реклама

Бағалау қорытындысы бойынша автокөлікке қозғалыс ашуға шешім шықты. 

Бұған дейін Алматы шетіндегі "Алтын Орда" базарының жанындағы жолайрықта асфальт төсеу және бетондау жұмыстары басталғаны хабарланған болатын

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кетті. Оның бірі - екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурызда сатып алынды. 

"Алтын Ордадағы" жолайрық салыну барысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да сынына ұшыраған болатын. Тоқаев бұл проблеманы 17 наурызда Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте көтерген. 

Ал былтыр 10 желтоқсанда "ҚазАвтоЖол" мамандары жол құрылысына байланысты жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная