14 желтоқсан 2021 | 09:16

Алматыда алып бала дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© elements.envato.com

Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 сантиметр болатын алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 сантиметр болатын алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Сәби 40 аптада кесар тілігі арқылы дүниеге келген.

"Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында", – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова.

Реклама
Реклама

Директордың айтуынша, бұл перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға. 

"Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр", – дейді Гүлнар Нұрланова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная