Алматыда алып ұлулар пайда болды

Алматыдағы ұлулар. Сурет Park Fest фестивалінің Facebook желісіндегі парақшасынан

Алматыда жерасты өткелдерінің шатырында ұлу мүсініндегі арт-нысандар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық Park Fest фестивалінің ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. 

Алматыда жерасты өткелдерінің шатырында ұлу мүсініндегі арт-нысандар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық Park Fest фестивалінің ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. 

Ұлулар Абай мен Достық, Абылай хан мен Қабанбай батыр, Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орналасқан Тимирязев көшесіндегі жерасты өткелдерінің шатырында пайда болды. 

Реклама
Реклама

"Ұлулардың" авторы - италиялық Cracking Art арт тобы. Бүкіл әлемде Cracking Art қалалық инсталяцияларымен танылған ұйым 1993 жылы құрылған. Жобаның мақсаты - қаланы үлкен көрме алаңына айналдыру және экологияны қорғау. 

Авторлардың айтуынша, ұлу - көрермендермен өзіндік ойын түрінің бірі. Шиыршық (спираль) адамның құлағына ұқсас, ал бақалшақ (панцирь) үйді меңзейді, ал  "айқұлақ" "@" италиянша ұлу деп аударылады екен. 

13 қазанда Алматыда қосымша ұлу инсталяциялары пайда болуы мүмкін. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама