11 желтоқсан 2019 | 09:14

Алматыда ана мен бала тарақан улаймыз деп жансақтау бөліміне түсті

Видео кадры

Алматыда жәндіктерді жоймақ болған ана мен бала зардап шекті. Бір апта бұрын 67 жастағы Светлана Баленко мен 30 жастағы ұлы ауыр жағдайда ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жәндіктерді жоймақ болған ана мен бала зардап шекті. Бір апта бұрын 67 жастағы Светлана Баленко мен 30 жастағы ұлы ауыр жағдайда ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын болған. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Маринаның анасы үй ішіне жәндіктерге қарсы дәріні сеуіпті. Тарақанды жоямыз деп қарақан бастары уланды. Алғашында ұлы, келесі күні өзі ауруханаға түсіп, комадан бір-ақ шығады. Бірақ улануға себепкер болған дәріні дәрігерлер қойған диагноздан кейін ғана біліпті. Бұл дәрі Светлана Баленконың қызына да әсер етіпті.

Реклама
Реклама

"Анамды дүйсенбі ауруханаға алып кеткен соң, келесі күні менің де жағдайым нашарлады. Тіпті қазірдің өзінде әзер тұрмын.Әйтпесе үйде екіүш сағат қана болғанмын. Халық бұл дәрілердің зиян екенін біліп, абай болса екен деймін. Сондай-ақ, мұндай адам өміріне қауіп төндіретін препараттарды жасап шығарғандарды жазалау керек", - дейді Марина Баленко.

Дәрігерлердің сөзінше, науқастардың дер кезінде қаралмай, уақыт өткізіп алған. Сөйтіп өкпесі істен шыққан.

"Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Бізге олар дер кезінде жеткізілмеген. Енді жансақтау бөліміне жатыр. Сондайақ жасанды аппаратпен тыныс алуда. Тиісті ем-шара жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлмира Тойбаева.

Зардап шеккендер үйдегі жәндіктерді өлтіруге "Палач" деген ресейлік өнімді қолданған. Оның құрамына орташа қауіпті заттар кіреді екен. Сондай-ақ, нұсқаулықта үйде адам жоқ және терезелері ашық жағдайда ғана қолдануға болатыны көрсетілген.

"Біз үйіне шығып, қызымен үйінде қалған препараттарды тауып алдық. "Палач" деген препарат болып шықты. Тағы бір дәрі "Пасбуд" деген. Ол екі дәріні бүгінде тексеруге зертханаға өткіздік. Содан кейін үйдін ішіндегі ауаны өлшеуге алдық", - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова. 

Қазір жауаптылар тиісті іс-шара жүргізіп, аталмыш құралды зертханада тексеріп жатыр. Зардап шеккендердің көршілерінен де хабар алып, денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын анықтады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная