Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр

Алматыда аңызға айналған мұз айдыны жаңғыртылып жатыр Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тау кластерін дамыту жоспары аясында Алматыда жаңа жобалар пайда болады. Алматыда спорт пен туризм саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат сессиясында баяндады.

Әкім Дархан Сатыбалдының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық деңгейдегі стадион құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын 35 мыңнан 45 мың орынға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба 2027 жылдың соңында бітеді деп жоспарланған.

Алматы тау кластерін дамыту жоспары аясында Алматыда жаңа жобалар пайда болады. Алматыда спорт пен туризм саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат сессиясында баяндады.

Әкім Дархан Сатыбалдының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық деңгейдегі стадион құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын 35 мыңнан 45 мың орынға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба 2027 жылдың соңында бітеді деп жоспарланған.

"Сондай-ақ "Медеу" мұз айдынындағы инженерлік коммуникацияларды толық ауыстыру арқылы жаңғырту жүргізіліп жатыр", – деді Дархан Сатыбалды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қала әкімінің айтуынша, 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Осы жоспар аясында туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады.

Еске салайы, Алматыда бірегей нысан – биік таулы спорт кешені "Медеуді" жаңарту жұмыстары басталған болатын.

"Жоба аясында мұз айдынына арналған жаңа тоңазытқыш жүйесі орнатылады, инженерлік коммуникациялар толық жаңартылып, кешен газбен қамтамасыз етіледі. Мұздың сапасы мен жағдайын нақты уақыт режимінде бақылайтын жасанды интеллект жүйесі энергия тұтынуын 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көрермендерге арналған жылы әрі жеке реттелетін орындықтар қойылады.

Заманауи спорттық және сауықтыру кешенін жасауға ерекше көңіл бөлінген. Бұрынғы машина залының маңында көлемі 25×15 метр, жылы суы бар ашық бассейн салынады.

"Келушілердің ыңғайы үшін трибуна мен қабылдау бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б. қызмет көрсету ғимараты қарастырылған. Бұл жаңа бассейн жыл бойы жұмыс істеп, қала тұрғындары мен туристерге тау баурайында таза ауада жүзу мүмкіндігін ұсынады".

Кешеннің айналасында серуен жолдары бар ерекше экопарк салу жоспарланған.

"Ол жерден жасанды сарқырама, Кіші Алматы өзені мен таудың әсем көрінісін тамашалауға болады. Негізгі нысандарды және жаңа демалыс аймақтарын байланыстыратын шығыс және батыс бағыттарда жүргіншілерге арналған екі көпір салынады".

Сондай-ақ, жергілікті климатқа төзімді жаңа ағаштар мен бұталар егіліп, бүкіл аумақ заманауи жарықтандыру және сәулеттік шамдармен безендіріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы үшін екі жолаушы жедел саты орнатылады.

Бұл ретте, тау кластерінің негізгі мақсаты – Алматыны жыл он екі ай туризм орталығы ретінде қалыптастыру, табиғи әлеуетті тиімді пайдалану және өңірдің халықаралық тартымдылығын арттыру. Сонымен қатар, тау аймақтарындағы инфрақұрылымды жаңғырту қаланың экологиялық жағдайына оң әсер етуі тиіс.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама