18 сәуір 2023 09:31

Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект енгізілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қалада 580-ге жуық бағдаршам бар. Олардың 98-і жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді, бірақ тек сынақ режимінде.

"Қазірдің өзінде пилоттық бірінші кезеңді жүзеге асырдық: қалада 98 бағдаршам нысаны жабдықталды. Екінші кезеңге сәйкес, қалалық мобилділік бөлімі биыл жүзеге асыруға дайындық үстінде. Қаладағы барлық бағдаршам толығымен қамтылады. Қаржы бөлінгенде, олар бұл жұмысты жалғастырады", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол жасанды интеллект жүйесінің қиылыстарда қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Ол қиылысқа жақындап келе жатқан көлік ағынын автоматты түрде бақылап және максимал өтуді қамтамасыз етеді", - деді Алматы қаласы ПД ӘПБ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram