27 қыркүйек 2018 | 10:11

Алматыда әріптесінен оқ жарақатын алған полицей қайтыс болды

Алматыда әріптесінен оқ жарақатын алған полиция қызметкері ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әріптесінен оқ жарақатын алған полиция қызметкері ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Амал не, дәрігерлер жанжал барысында әріптесінен оқ жарақатын алған полицейдің өмірін сақтап қала алмады. Полицей жасалған ота мен дәрігерлердің бар күш салуына қарамастан, кеше шамамен сағат 22.00-де ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады Сәдубаев.

Реклама
Реклама

Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол изоляторға қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін оқ атқан инспектордың полицейдің өзінің жақын туысы екені белгілі болған еді. Сәдубаевтың айтуынша, бұл оқиға жергілікті полиция қызметінің аумағында болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная