24 қараша 2022 12:52

Алматыда асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

Алматының Алатау ауданында жолаушылар автобусы келе жатқан көшенің асфальты опырылып, қоғамдық көлік шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алатау ауданында жолаушылар автобусы келе жатқан көшенің асфальты опырылып, қоғамдық көлік шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы таң. Алатау ауданы, Мәдениет (Рахат) ықшамауданында не болып жатқанын жариялаңыздаршы. Бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес, тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы әкімдігі Энергетика басқармасының мәліметінше, қазір мамандар көрсетілген мекенжайға жөнелтілген.

""Связьстроймеханизация" ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен кепілді міндеттеме негізінде Рахат (Мәдениет) шағынауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған, жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің энергетика басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram