1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен кетіп қалған

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы әскери институттың 210 курсанты 1 желтоқсанда оқу орнынан кетіп қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сурет: visv.kz

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы әскери институттың 210 курсанты 1 желтоқсанда оқу орнынан кетіп қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курстың 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған.

Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтің айтуынша, курсанттардың өз бетінше кетіп қалуының себебі - кадр тағайындалуында келіспеушілік, факультет (курс) бастығының ауысуы және бұрынғы басшылықты қайтаруын сұрауы", - делінген хабарламада.

2 желтоқсанда таңғы 9-дан бастап курсанттар сабаққа қатысқаны атап өтілді. Олардың ата-аналарына болған жағдай хабарланады. 

Бұл дерек бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!