Алматыда Астана күні қалай тойланады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда Астана күні қалай тойланады? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі Астана күніне орай қандай іс-шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі Астана күніне орай қандай іс-шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 шілдеде Алматыда Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Елорданың 24 жылдығына орай қаланың бірқатар ауданында шағын концерттер өтті. Сонымен қатар, кітапханалар мен мұражайларда тақырыптық көрмелер мен лекциялар өткізілді.

6 шілдеде сағат 11:00-де №4 кітапханада (Абай даңғылы, 141) "Жарқырап, жайнай берші, астана" атты ревю өтеді.

Реклама
Реклама

Mega Park сауда орталығы аумағында "Жас қала – астана" мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт өтеді.

Басты қалалық мереке Абай алаңында, Республика сарайы алдында өтеді. Сағат 20:00-ден бастап ашық аспан астындағы сахнада 101 тобы, Парвиз Назаров, КешYOU тобы, Үркер тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.

8 шілдеде сағат 14:00-де "Аяла" әлеуметтік орталығында "Жаңа дәуірдің астанасы" бейнекруизі өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама