13 маусым 2024 | 17:53

Алматыда ауа райы бұзылады: синоптиктерден ескерту келді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда нөсер жауып, найзағай ойнап, ірі бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда нөсер жауып, найзағай ойнап, ірі бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтарға екпіні секундына 15 метрге жететін жел соғып, нөсер мен бұршақ болатыны туралы SMS ескерту келді.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметінше, нөсер салдарынан су жиналып, су басу ықтималдығы бар.

"14-15 мамырда Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында және Алматыға іргелес аумақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты еңісті ағын сулардың жиналуынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, су басуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қауіпті деңгейден асқан кезде өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная