Алматыда ауа райы бұзылады: ТЖД ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда ауа райы бұзылады: ТЖД ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы ТЖД тұрғындарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД тұрғындарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" 4 қарашада таулы аймақтарда жауын-шашын мен жел күтілетіні туралы хабарлады. Алматыда түнде, шамамен сағат 3:00-де, жаңбыр қарға айналып, температура төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін

"Жол жағдайына байланысты өз бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Үйге ерте қайтуға тырысыңыз, ауа райының нашарлауына байланысты кері қайтар жолды табу қиындауы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, құтқарушылар мына қауіпсіздік шараларын ескеруді ұсынды:

  • электр беру желілерінің бүтіндігін тексеріңіз;
  • көліктерді ағаштардың астына қоймаңыз;
  • сәтсіз бекітілген құрылымдардың астында тұрмаңыз;
  • жолда абай болыңыз.

ТЖД жылу жүйелері мен электр желілерінің жұмысқа жарамдылығын бақылауды да еске салды:

  • түтін құбырының герметикалық жағдайын қадағалаңыз, жану өнімдерінен шығатын көмірқышқыл газының таралуына жол бермеңіз;
  • электр желілерін артық жүктемеңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама