ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 ақпан 2022 19:50
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматы ТЖД тұрғындарға 12, 13 ақпанда ауа райы нашарлайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өкілі Қазгидрометтің дауыл туралы ескертуіне сүйеніп, қалада 12 ақпанда таңертең, күндіз және 13 ақпанда тұман мен көктайғақ болатынын айтты.
12 ақпанда Алматы тауларында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, 12 ақпанда оның екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу