30 қаңтар 2023 08:47

Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есеге артады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

30 қаңтарда Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі. Қалада ауадағы азот диоксидінің мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,6 есеге асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі. Ауадағы артық азот диоксиді 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері - 3,3 есе болады.

PM2,5 - бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram