26 тамыз 2019 | 17:11

Алматыда аудан әкімі болған Әнуар Өскенбаев жаңа қызметке тағайындалды

Әнуар Өскенбаев. © auezov.almaty.kz

Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның Аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының қайта жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін.

Реклама
Реклама
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) 26 августа 2019 г.

Әнуар Өскенбаев әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан аса уақыт Есеп комитетінде жұмыс істеді. Nur Otan партиясының Орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болды.

2015 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2018 жылы Әуезов ауданының әкімі болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная